24.12.2015, 17:57 5779

Қазақстанда 8 жылда скринингтік зерттеулер нәтижесінде 1,7 млн. адамныӊ ерте сатыдағы әртүрлі аурулары анықталды

Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарламасын және Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 2008 жылдан бастап республикалық және жергілікті бюджет есебінен 40,8 млн-нан астам тексеру жүргізілді. Бұл 1,7 млн-нан астам адамныӊ ерте сатыдағы ауруларын анықтауға көмектесті

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарламасын және Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 2008 жылдан бастап республикалық және жергілікті бюджет есебінен 40,8 млн-нан астам тексеру жүргізілді. Бұл 1,7 млн-нан астам адамныӊ ерте сатыдағы ауруларын анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2008 жылы басталған Ұлттық скринингтік бағдарламасына қанайналым жүйесін (БЖА), сүт безі, жатыр мойны обырларын анықтау кіреді. 2011 жылы "Саламатты Қазақстан" Мембағдарламасыныӊ аясында скринингтік зерттеу шараларыныӊ ауқымы кеӊейтіліп, қант диабетін, глаукома, тоқ ішек пен тік ішек обырларын, В және С гепатиттерін анықтауға арналған тексерістермен толықтырылды.

Мемлекеттік бағдарламамен біріктірілген 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында өӊеш пен асқазан обырын, еркектік безі және бауыр ісігі обырларын анықтауға арналған скрининг кезеӊ-кезеӊімен енгізілді.

Скринингтік тексерулер тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді. Пациенттер скринингтік бағдарламаға өз еріктерімен қатысады. Олар скрининг анықтауға бағытталған аурулар, скрининг процедурасы туралы ақпарат алуға; белгіленген көлемде тегін медициналық тексеруден өтуге; скрининг алгоритміне сай мамандардыӊ кеӊесін алуға, емдеу мен диагностикалау хаттамаларына сәйкес динамикалық бақылау мен сауықтырудан өтуге; скрининг нәтижелері бойынша ақпаратты алуға; зерттеу барысында күтпеген, жағымсыз (жанама) жағдайлар/асқынулар болған жағдайда тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында сәйкес медициналық көмек алуға құқылы.

Қазіргі таӊда қала және ауыл тұрғындарын скринингпен қамту 70%-ды құрап отыр. Шалғайдағы ауылдық мекендерде скринингтік тексеру шаралары жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы іске асырылады.

Мақсаттық топқа ер адамдар және/немесе әйелдер, кейбір аурулардыӊ асқыну қаупі жоғары жас ерекшеліктеріне қарай айқындалған топтар кіреді. Мақсатты топтан Д-есепте тұратын және ауыр соматикалық патологиясы бар пациенттер, сонымен қатар, бағдарламаға қатысудан бас тартқан азаматтар шығарылады.

Қазақстанда бағдарламаны іске асыру барысында (2008 жылдан бастап) 40 млн. 819 мыӊ 218 скринингтік тексеру жүргізілді. 1 млн. 777 мыӊ 475 ауру жағдайлары, оныӊ ішінде 1 млн. 228 мыӊ 561 қанайналым жүйесі аурулары, 184 мыӊ 529 жатыр мойны обыры, 304 мыӊ 403 сүт безі обыры, 34 мыӊ 488 қант диабеті, 20 мыӊ 301 глаукома және 5 мыӊ 193 колоректальді обыр анықталды.

Қанайналым жүйесі ауруларын скринингтік анықтауда еӊ жоғарғы көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында (14,1%) және Алматы қаласында (11,3%) болды. Бұл ДСҰ халықаралық ұсынымдарына сай келеді (10-20%). Қызылорда облысында қант диабетін анықтауда көрсеткіш 1,2%-ге жетті (ДСҰ ұсынымы -1-2%). Қазақстан бойынша жатыр мойны обыры 0,04%-дық жағдайды (ДСҰ ұсынымы -0,03%) құрап отыр.

Аталған жылдар аралығында скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,7 млрд. теӊге, республикалық бюджеттен 19,3 млрд. теӊге бөлінді.

Кадрларды дайындау мен олардыӊ біліктілігін тұрақты түрде арттыру скринингтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру шараларыныӊ бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. 2011 жылы онкоскринингке еуропалық стандарттарды енгізу барысында барлық аймақтарда МСАК дәрігерлері және бейінді дәрігерлер үшін семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, 2011 жылы скринингтік бағдарламалар бойынша амбулаторлы-емханалық ұйымдары мен МСАК мамандарыныӊ біліктілігін әрі қарай арттыру мақсатында медициналық ЖОО оқытушыларыныӊ арасынан 85 жаттықтырушы және медициналық колледждердіӊ 46 оқытушысы білім алды.

ҚазОРҒЗИ базасында ерте диагностикалау мен қатерлі ісіктер скринингі туралы негізгі мәселелер бойынша шетелдік сарапшылар мен мамандарды шақырту арқылы тұрақты түрде шеберлік сыныптары өткізіліп тұрады. 2012-2015 жылдар аралығында 14 шеберлік сыныптары өткізіліп, Бельгия, Италия, Корея, Литва, Моӊғолия, Нидерланды, Украина, Ресей мен Жапония елдерінен шақырылған сарапшылардыӊ қатысумен 588 маман оқытылды.

Сонымен қатар, Мембағдарламаны жүзеге асыру аясында еліміздіӊ медициналық ұйымдары медициналық ғылымныӊ соӊғы жетістіктеріне сай скринингтік зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи зндоскопиялық, рентгенологиялық және зертханалық жабдықтармен қамсыздандырылды.

Естеріӊізге сала кетейік, скрининг - бұл белгілі бір жас аралығындағы дені сау адамдардыӊ бойындағы ерте сатыдағы аурулар қаупін анықтау, емдеудіӊ тиімділігін арттыру және асқынудыӊ алдын алу шараларын жүргізу мақсатында жасалатын профилактикалық медициналық тексеру.

Скрининг - аурудыӊ белгілері жоқ кезеӊде сырқатты диагностикалауға мүмкіндік беретін әртүрлі зерттеулерді қолдану болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны