02.06.2016, 17:48 3824

Қазақстанда АББ-ын енгізу арқылы аурулардыӊ асқынуы мен өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендейді - ДСИДМ

"Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудіӊ тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларыныӊ, БҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарыныӊ емханаларында жүзеге асырылатын болады. Жалпы алғанда, 3200-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны енгізу нәтижесінде аурулардыӊ асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендету, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жүктемені азайту, стационарлық және жедел медициналық көмекке зәрулікті төмендету күтіледі"

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу (АББ) аурулардыӊ асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ҚР ДСИДМ брифингінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорыныӊ м.а. Тілеухан Ибілдаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудіӊ тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларыныӊ, БҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарыныӊ емханаларында жүзеге асырылатын болады. Жалпы алғанда, 3200-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны енгізу нәтижесінде аурулардыӊ асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін 10%-ға төмендету, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жүктемені азайту, стационарлық және жедел медициналық көмекке зәрулікті төмендету күтіледі", - деп хабарлады Тілеухан Ибілдаев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол сөз басында әлемдік статистикаға сәйкес созылмалы жұқпалы аурулар дүние жүзі тұрғындарыныӊ денсаулығына, оныӊ ішінде Қазақстан азаматтарына да зор қауіп туындататынын атап айтты. Олар уақытынан бұрын болатын өлім-жітімге себеп болып, мүгедектікке, толыққанды өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етеді.

Аталған қауіп-қатерлерді төмендету үшін әлемніӊ 30-дан астам елдерінде медициналық көмек көрсетудіӊ профилактикалық және жүйелі тәртібіне негізделген АББ енгізілуде.

Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханада үш нозология бойынша жүзеге асырылуда: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.

"АББ-ныӊ 1213 қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді. Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады. Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді", - деп мәлімдеді ДСИДМ-де.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оныӊ асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердіӊ 75%-ында артериалдық гипертензия деӊгейініӊ көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарыныӊ қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды. Қант диабетін анықтауға тексерілген адамдар саны ұлғайды (СҚО - 64%, Павлодар облысында - 98%-ға дейін). АББ-ныӊ барлық қатысушыларын өзін өзі басқаруға оқыту 100%-ға қамтылғанын атап айту қажет.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - созылмалы аурумен сырқаттанған пациенттердіӊ өмір сүру жасы мен сапасын арттыру үшін алғашқы медициналық санитариялық көмекті басымдықпен дамыту және жетілдіру компоненті ретінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны