17.10.2006, 16:43 3230

Қазақстанда адам құқықтары мен бостандығын сақтау жөніндегі базалық баяндама жылдың аяғына дейін дайындалады

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанда адам құқықтары мен бостандығын сақтау жөніндегі базалық баяндама жылдың аяғына дейін дайындалады. Бұл жөнінде Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Ибішев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Базалық баяндамаға қатысты жұмыстар 2006-жылдың желтоқсан айының аяғында аяқталады. Содан кейін ол мемлекет басшысы мен үкіметке жолданады",- деді Т.Ибішев баяндаманы дайындау жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысындағы үзіліс кезінде журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұлттық базалық баяндама "Қазақстанда тұңғыш рет дайындалып жатыр". "Баяндамада біз еліміз тәуелсіздік алғаннан қазірге дейінгі кезең қамтылады: біз Қазақстанда адам құқығы қалай қорғалатындығы, ұлттық заңнамамыз халықаралық жалпылай мойындалған стандарттарға қаншалықты сәйкесетіндігі жайлы баяндаймыз",- деді Т.Ибішев.

Баяндамада әділеттілікті жүзеге асыру, алдын-ала тергеу және тексеру, сот үкімін орындату салаларында адам құқығының қорғалуы; пенитенциарлық жүйедегі адам құқығы; әлеуметтік-экономикалық және көші-қон саясаты саласындағы адам құқығы; халықтың құқықтық сауатын көтеру және басқа да мәселелер көрініс табады.

Баяндаманы дайындауға мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері атсалысуда. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының орталығы, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері сарапшы және кеңесшілер ретінде қатысуда.

Т.Ибішевтің айтуынша, базалық баяндама Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-шаралар жоспарына негіз болмақ. Ол 2007-жылдың ақпан айынан бастап жасала бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны