17.08.2012, 16:32 3566

Қазақстанда ағылшын тілі бірінші сынаптан бастап оқытылатын болады

Келер жылдан бастап, бірінші сыныпқа барған әр оқушы әліппемен қатар, ағылшын тілін де оқитын болады. Білім және ғылым министрлігі мектеп бағдарламасына осындай жаңа жүйе енгізбекші. Алайда, бізде білікті тіл маманы жеткіліксіз. Осыған орай, бүгін Білім және ғылым министрлігінде көп тілді дамыту мәселесін талқылаған жиын өтті.

Қостанай. 17-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағылшын тілі бірінші сынаптан бастап оқытылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Келер жылдан бастап, бірінші сыныпқа барған әр оқушы әліппемен қатар, ағылшын тілін де оқитын болады. Білім және ғылым министрлігі мектеп бағдарламасына осындай жаңа жүйе енгізбекші. Алайда, бізде білікті тіл маманы жеткіліксіз. Осыған орай, бүгін Білім және ғылым министрлігінде көп тілді дамыту мәселесін талқылаған жиын өтті.

Мәжіліске еліміздегі 150-ге жуық жоғарғы оқу орындарының 30-дан астам ректоры қатысты. Өйткені, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерін даярлау жүгі, тек осы отыздың мойнына артылар міндет болғалы тұр. "Индустриалды-инновациялық даму" бағдарламасында бізге ағылшын тілін білетін мамандар қажет. Сондықтан, инженерлік-техникалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша, оқытушылар даярлайтын арнайы бөлімдер ашылады. Бір әттеген-айы, білім ордаларының ағылшын тілді оқулықтар мен әдістемелік құралдармен қамтылуы 6 пайыздан әрі аспай отыр. Өзекті мәселенің бірі - осы. Қалай болған күнде де Елбасы тапсырмасына сәйкес, көптілділікті дамыту межелі мерзімінде жүзеге асырылуы тиіс.

"2020 жылы әр мектеп бітіруші балалар қазақ тілінде сөйлейтін болуы керек. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасы. 4-5 жылдан кейін, мектептердегі кейбір пәндерді ағылшын тілінде береміз. Биология, химия, физика болсын. Оған қазірден дайындық жасамасақ, 4-5 жыл деген өте шығады. Жалпы, сол 2020 жылға дейін, біз кейбір пәндерді ағылшын тіліне ауыстырамыз, деген ойымыз бар", деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны