09.07.2013, 11:28 3660

Қазақстанда ағымдағы жылдың маусымында мал шаруашылығы өнімдеріне бағалар төмендеді - ҚР Статистика агенттігі

2013 жылдың маусымында еліміздегі мал шаруашылығы өнімдері 2,7% арзандады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың маусымында мал шаруашылығы өнімдеріне бағалар төмендеді - ҚР Статистика агенттігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылдың маусымында еліміздегі мал шаруашылығы өнімдері 2,7% арзандады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Баға қой етіне 4,1%, ірі қара мал және жылқы етіне - 1,9%-дан өсті, ал құс етіне 8,2%, шошқа етіне - 3%-ға төмендеді. Жұмыртқа 13,2%, шикі сүт - 3,6%, жүн - 0,3%-ға арзандады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ведомство мәлімдегендей ауыл шаруашылығы қалыптастырулары жүзеге асырған өсімдік шаруашылығы өнімдері 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,9%-ға қымбаттаған.

Осылайша, ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға арпаға 7,8%, сұлыға - 6,7%, жүгеріге - 3,8%, күрішке - 1,1%, бидайға - 0,7%, қара бидайға - 0,4%-ға өсті, ал қарақұмыққа 4,2%, тарыға - 1,5%-ға төмендеді.

Қырыққабат 13,9%, картоп және асханалық қызылша - 6%-дан, асханалық сәбіз - 3,2%, басты пияз - 2%, күнбағыс тұқымы - 13,5%, бұршақ - 8,7%-ға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны