12.10.2015, 19:24 5225

Қазақстанда әйелдердіӊ денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталды

2015 жылдыӊ 12 мен 21 қазан аралығында сүт безініӊ қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнініӊ аясында республиканыӊ барлық аймақтарында әйелдердіӊ денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 12 мен 21 қазан аралығында сүт безініӊ қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнініӊ аясында республиканыӊ барлық аймақтарында әйелдердіӊ денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ негізгі мақсаты - халықтыӊ назарын қатерлі ісік ауруларыныӊ алдын алу мен ерте анықтау мәселелеріне аудару, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудыӊ маӊыздылығы жөнінде әйелдердіӊ сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, уақытылы скринингтік тексеруге (маммография) және салауатты өмір салтына бейімділікке ынталандыру.

Ауруды ерте анықтау мен уақытылы емді бастау - әйелдер денсаулығын сақтаудыӊ басты кепілі. 2014 жылы қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау скринингініӊ аясында 386112 әйел тексерілді, 45077 (11,7%) қатерлі ісік және ісік алды жағдайлары анықталды.

Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау стратегиясы тамақтану барысында жемістер мен көкөністерді аз пайдалану, физикалық белсенділіктіӊ болмауы, шылым шегу мен ішімдік ішу сияқты ағзаға зиянын тигізетін қауіптіӊ мінез-құлық факторларыныӊ әсерін болдырмау; адамныӊ паппилома вирусын шақыратын (HPV) жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялаудан өту, жұмыс орнында денсаулыққа зиян және қатерлі факторларды бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Осы тұрғыда еліміздіӊ аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша алғашқы медико-санитариялық көмек (ары қарай - АМСК) медицина қызметкерлеріне оқу семинарлары, тренингтер, дөӊгелек үстелдер мен салалық мамандардыӊ қатысуымен АМСК мекемелерінде ашық есік күндері өткізіледі. Жұмыс орындарында онкологиялық қызмет мамандарыныӊ қатысуымен профилактикалық скринингтік тексерулер ұйымдастырылатын болады. Қауіптіӊ мінез-құлық факторын, оныӊ ішінде сүт безі қатерлі ісігініӊ алдын алу денсаулық мектептерініӊ жұмысы жандандырылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметі бойынша, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кеӊ таралған ауру болып есептеледі. Жыл сайын бұл ауру 1,38 млн адамда анықталады, соынмен қатар, 458 мыӊ өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелген.

Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі жаӊадан пайда болатын қатерлі ісіктер құрылымында, сонымен қатар, жалпы құрылымда да бірінші орында. Аталған ауру бойынша өлімдер 2014 жылы 100 мыӊ адамға шаққанда 7,8-ді құрады. Сүт безі қатерлі ісігініӊ I және II кезеӊі 2013 жылмен (77,1%) салыстырғанда 80,6%-ны құрады.

Естеріӊізге сала кетейік, әлемде сүт безініӊ қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны