27.07.2012, 14:52 4285

Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру туралы шешім алә қабылданған жоқ

Ийелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесі әзірше талқылану үстінде. Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова мәлім етті.

Астана. 27-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру туралы шешім алә қабылданған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ийелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесі әзірше талқылану үстінде. Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова мәлім етті.

"Дүрлігудің қажеті шамалы, әзірше ешқандай шешім қабылданайын деп жатқан жоқ", - деді журналистердің қойған сұрағына жауап қайырған министр.

Дегенмен Г. Ибдіхалықованың атап өткеніндей, ерте ме кеш пе әйел мен еркек зейнетақымен қамтамасыз етуде тең құқыққа ие болмақ.

"Ерте ме, кеш пе әйелдер мен еркектер зейнетақымен қамтамасыз етуде де, еңбек қатынастарында да тең құқыққа ие болулары керек. Зейнетақы аударымдары, жалпы талаптар барлығына да тең болуы шарт. Себебі ортақ жүйеде де, жинақтаушы жүйеде де барлығы еңбекке қатысуына байланысты құрылады", - деді министр.

"Бұл қазір қабылдана салмауы тиіс. Осы мәселені жан-жақты талқылауымыз қажет. Мүмкін кейбіреулер ортақ жүйеге де, жинақтаушы жүйеге де қатысқан болуы керек. Бірінші кезеңде мүмкін бұны ерікті түрде енгізетін шығармыз", - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны