12.01.2015, 13:21 4499

Қазақстанда айыппұл көлемін 30%-ға дейін төмендету қарастырылды

Құқыққа қарсы қол сұғудан азаматтардыӊ қорғалғандықтары мен мемлекеттіӊ мүдделерін жоғарылауға, әкімшілік-деликттілік заӊнаманы жаӊарту мен жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасыныӊ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ағымдағы жылдыӊ 5 шілдеде Ел басы қол қойды.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Құқыққа қарсы қол сұғудан азаматтардыӊ қорғалғандықтары мен мемлекеттіӊ мүдделерін жоғарылауға, әкімшілік-деликттілік заӊнаманы жаӊарту мен жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасыныӊ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ағымдағы жылдыӊ 5 шілдеде Ел басы қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кодекс 920 баптан тұрады. Онда қолданыстағы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстіӊ уақыт сынынан өткен негізгі ережелері мен Жалпы, Ерекше және Рәсімдік бөлімдер деп бөлінген оныӊ құрылымы сақталды.

Жоба мынадай негізгі бағыттарды іске асыру арқылы әкімшілік заӊнаманы реформалауға бағытталған.

Бірінші. Шағын бизнеске қолдау көрсетуді көздейтін ізгілендіру. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшерлері орта есеппен екі есе азайтылды.

Сондай-ақ әкімшілік жазаныӊ түрі ретінде ескертуді қолдану аясы кеӊейтілді.

Екінші. Икімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардыӊ құзыреті қайта қаралды.

Атап айтқанда, санкцияларында айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардыӊ қарауына беру жолымен соттардыӊ жұмысы жеӊілдетілді.

Үшінші. Икімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін жаӊғырту. Икімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұл төлеу жүргізген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу енгізіледі. Яғни адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіседі, өз кінәсін мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын және ешқандай наразылығы жоқ.

Бұл ретте қысқартылған тәртіп үшін адамға хаттаманы тапсырған кезден бастап жеті күндік мерзімде айыпұлдыӊ жалпы сомасынан 50 пайызын төлеуге мүмкіндік беру түрінде үйлестіруші тетік көзделген. Адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіспеген жағдайда, іс жалпы тәртіппен қаралады.

Сыбайлас жемқорлыққа бейім факторларды жою мақсатында, сондай-ақ қысқартылған іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін айыппұлдыӊ нақты айқындалған мөлшері көзделген. Өндіріп алудыӊ қалған барлық түрлері қатыстық-айқындалған (екі жақты) ретінде сақталған.

Судьяға, органға (лауазымды адамға) жеӊілдететін мән-жайларды белгілеу кезінде жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын жалпы соманыӊ 30 пайызына дейін қысқартуға мүмкіндік беретін норманы енгізу аса елеулі жаӊашылдықтардыӊ бірі болып табылады.

Жаӊа редакциядағы Кодекс 2015 жылғы 1 қаӊтардан бастап қолданысқа енгізілді.

ҚР Иділет министрлігі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны