Система Orphus

Қазақстанда алдағы күндері қатты аяз болады деп күтілуде

17.01.2012, 11:46 954

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда алдағы күндері қатты аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны көптеген аймақтарда қатты аяз болу ықтималдығына байланысты ескерту таратты.

Мәселен, 17-19 қаңтар түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -28-33 градус суық болады.

Павлодар облысында түнде күн -27-32 градусқа, Қостанай облысында -25-30 градусқа, кей жерлерде -35 градусқа дейін суытады.

18-19 қаңтар түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында ауа температурасы -27-32 градусқа дейін, кей жерлерде -32 градусқа дейін суытады.

Шығыс Қазақстан облысында бұл күндері түнде ауа температурасы -32-37 градусқа дейін, Ақтөбе облысында -23-28 градусқа, Қызылорда, Алматы облыстарында -23-28 градусқа, Жамбыл облысында -25-30 градусқа, Оңтүстік Қазақстан облысында -25 градусқа дейін төмендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны