26.07.2007, 14:15 3100

Қазақстанда алдағы жылы ТЖМ академиясы құрылады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда алдағы жылы ТЖМ академиясы құрылады. Еліміздің төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде осындай жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Көкшетау училищесінің негізінде Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясын құру жөніндегі ұсыныспен үкіметке шықтық, бұл ұсыныс қолдау тапты", - деді В. Храпунов. Оның айтуынша, жоғары оқу орны төтенше жағдайлар саласындағы барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша мамандарды дайындайтын болады.

Министрдің айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Алдағы жылы бюджеттен қосымша 2,1 млрд теңге бөлініп, ол "жаңа оқу корпусын, спорт кешені мен жатақханаларды салуға жұмсалады, нәтижесінде келешекте білім ошағының қабырғасынан жыл сайын 2 - 2,3 мың маман білім алып шықпақ".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны