09.01.2012, 13:36 4491

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 4 колледж құрылатын болады

2011 жылы елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жетілдіріліп жатыр, бұл - елді индустрияландыру қажеттілігінен туындаған іс-шара.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 4 колледж құрылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі Pm.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2011 жылы елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жетілдіріліп жатыр, бұл - елді индустрияландыру қажеттілігінен туындаған іс-шара.

Бұған дейін хабарлағандай, елімізде кәсіптік-техникалық білім жүйесін дамыту үшін 2011 жылдың маусым айында "Кәсіпқор" холдингі құрылды және осы қордың базасында Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждер құру жоспарлануда. Министрліктің ақпараты бойынша, колледждерде инжиниринг, сәулет және құрылыс, ақпараттық және коммуникациялық технология, дизайн және жобалау, АӨК, металлургия және машина жасау, сондай-ақ пәнаралық мектептер жұмыс істейтін болады.

Холдинг жалпы алғанда, ҮИИД бағдарламасының қажетін ескере отырып және еңбек нарығында сұранысқа ие 90 мамандық бойынша 15 мың адамды оқумен (республиканың 16 өңірі бойынша) қамтуды жоспарлап отыр.

Оған қоса, кәсіптік-техникалық білім берудің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатымен қазір Қазақстанда кадрлар даярлау мен қайта даярлайтын төрт өңіраралық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Екібастұздағы отын-энергетикалық саласында техникалық және қызмет көрсету еңбегі үшін және Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтардың құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың қараша айында Шымкент қаласында өңдеуші өнеркәсіп саласы үшін өңіраралық орталықтың құрылысы басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны