13.05.2014, 20:44 1653

Қазақстанда алғаш рет ақбөкендердің мемлекеттік есебін қоғамдық ұйым жүргізді

"Қазақстанның биологиялық түрлерді сақтау қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі (ҚБСА) 2014 жылдың 9 сәуірі мен 1 мамыр аралығында ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен, облыстық аймақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекцияларымен бірлесіп ақбөкендердің әуе есебін жүргізді.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. "Қазақстанның биологиялық түрлерді сақтау қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі (ҚБСА) 2014 жылдың 9 сәуірі мен 1 мамыр аралығында ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен, облыстық аймақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекцияларымен бірлесіп ақбөкендердің әуе есебін жүргізді.

Есеп тобы 230 сағат бойы ұшудың нәтижесінде бөкендердің кеңінен тараған 3 түрі бойынша олардың Қазақстанда көп орналасқан барлық аймақтарын аралып шықты. Дәлірек айтатын болсақ, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары.

Айта кетерлік жайт, ҚБСА мұндай мәртебелі құрметке "ҚР-дағы ақбөкендердің есебіне мониториг жүргізу" бойынша өткізілген тендірдің арқасында ие болған. Жалпы тендерді ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті өткізді.

Бұл есептің өзгешелігі есеп жүргізу аумағы 2 шақырымнан 1,2 шақырымға дейін қысқартылуында. Яғни, ұшақтан тасада қалған ақбөкендерді есепке алмау қаупі төмендеді.

Негізі есептің дәл жүргізілуі үшін авиациялық және ұстап жүретін навигаторлар, фотоқұралдар сынды заманауи технологиялар пайдаланылды, деп ҰЕҰ хабарлады.

Қазіргі таңда ҚБСА мамандары жанақтаған барлық мәліметтерді сараптамадан өткізуде. Зерттеу нәтижесі мамыр айының соңына қарай жарияланады. Ал, өткен жылғы санақ бойынша ақбөкендердың саны 185 мыңға жеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны