02.12.2011, 11:59 3140

Қазақстанда алғаш рет Инновациялық форум өтеді - баспасөз баяны

Баспасөз мәслихаты барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев6 желтоқсанда Астанада өтетін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған инновациялық форумға қатысады, деп хабарлады "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инуарбек Сұлтанғазин.

29-қараша күні Астана қаласында Қазақстанның тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған Инновациялық форумның ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев6 желтоқсанда Астанада өтетін Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған инновациялық форумға қатысады, деп хабарлады "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инуарбек Сұлтанғазин.

"Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған инновациялық форум мен инновациялық жобалардың көрмесі 5-6 желтоқсанда өтеді. Форумда елдің инновациялық дамуының 20 жылдық қорытындысы шығарылып, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа инновациялық қызметтің даму бағдарлары белгіленеді. Форумның жұмысына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтіліп отыр", - деді ол сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

И. Сұлтанғазиннің айтуынша, форумның басты шаралары - президенттік инновациялар клубының алғашқы ашық отырысы және Қазақстан премьер-министрінің қатысуымен "Тәуелсіздіктің 20 жылындағы Қазақстанның инновациялық дамуының қарқыны" кеңесі.

"Президенттік клубтың отырысында Қазақстан аумағында шетелдік мамандардың қатысуымен жүргізілген 2 зерттеу жобасының қорытындысы шығарылады. Бірінші жобаны БҰҰ Еуропалық инновациялық комиссия жүзеге асырды. Олар біздің еліміздегі инновациялардың жағдайына зерттеу жүргізді. Екінші жоба - біздің мамандардың инновациялардың дамуына ұзақ мерзімдік болжау бойынша кореялық мамандармен бірлесіп жүргізген зерттеуі", - деп нақтылады ол.

Көрмеде Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған ел экономикасының түрлі салаларындағы үздік инновациялық жобалар ұсынылады.

Сонымен бірге, форумның аясында "NIF$50К" инновациялық бизнес-жобалар конкурсының, "Рационализатор.kz" рационализаторлық ұсыныстар конкурсының және инновациялық тақырып бойынша үздік материалға журналистер конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Конкурстың жеңімпаздарына сыйлықтарды президенттің өзі табыс етеді деп күтіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны