24.09.2010, 16:20 4221

Қазақстанда алғаш рет отандық балалар телеарнасы жұмысын бастамақ

Қазақстанда 27-қыркүйектен бастап алғашқы отандық "Балапан" балалар телеарнасы жұмысын бастамақ. Бүгін телеарнаның ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 27-қыркүйектен бастап алғашқы отандық "Балапан" балалар телеарнасы жұмысын бастамақ. Бүгін телеарнаның ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ашылу салтанатында ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Қазақстанда алдағы уақытта тағы басқа да телеарналардың ашылатындығын атап өтті. "Келесі жылдың І-ІІ тоқсанында "Мәдениет" телеарнасына ашуды ойластырып жатырмыз. Ал 2012 жылы 1-қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуына орай білім беру жөніндегі телеарна жұмысын бастайды",- деді министр.

ҚР БАМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Балапан" телеарнасының бағдарламалық өнімі 3-тен 15 жас аралығындағы балаларға арналған. "Қазақстан" РТРА базасында негізделген жаңа арна мемлекеттік тілде сағат 10-нан 22 сағатқа дейін хабар таратды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны