04.07.2012, 14:38 3368

Қазақстанда алғаш рет жүректі толық имплантациялау отасы жасалды

Бұған дейін мұндай операция әлемнің тек екі-ақ елінде жасалған екен. Ұлттық ғылыми орталықтың кардиохирургтары 19 және 61 жастағы екі бірдей ауыр науқасты ажалдан арашалап қалды. Алғашқы ота сәтті өтті. Бір қиыны, елімізде донор жоқ. Бұл операциядан өткен адам донорлы жүрек табылғанша, дәрігерлер салып берген жасанды жүрекпен өмір сүреді.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда алғаш рет жүректі толық имплантациялау отасы жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұған дейін мұндай операция әлемнің тек екі-ақ елінде жасалған екен. Ұлттық ғылыми орталықтың кардиохирургтары 19 және 61 жастағы екі бірдей ауыр науқасты ажалдан арашалап қалды. Алғашқы ота сәтті өтті. Бір қиыны, елімізде донор жоқ. Бұл операциядан өткен адам донорлы жүрек табылғанша, дәрігерлер салып берген жасанды жүрекпен өмір сүреді.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр патологиясына шалдыққан науқасқа 9 сағат бойына ота жасалды. Оның жүрегінің оң және сол жақ қарыншалары ауыстырылды. Яғни, жүрек жасандысы жүрекке алмастырылды. Операцияны еліміздің Бас кардиохирургі Юрий Пя жасады.

Бұл жалғыз менің еңбегім емес. Бүкіл Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың жетістігі. Жүрек-қан тамырлары ауруларын оңалту бойынша біз арнайы бағдарламамен жұмыс істеп жатырмыз. Соның жемісі, деп білейік",- дейді бас кардиохирург Юрий Пя.

Ота барысында жүрекке қан айналымын реттейтін екі сорғы орнатылады. Бұл сорғылар минутына 10 литр қанды сорып, ағзаға айналдырып отырады. Мұндай бірегей операция ең алғаш Германияда, екінші мәрте АҚШ-та жасалса, үшінші болып қазақстандық кардиохирургтар осындай табысқа қол жеткізіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны