22.04.2011, 16:13 4532

Қазақстанда алғашқы дала өрттері сәуір айының аяғында бой көрсете бастайды

Қазақстанда алғашқы дала өрттері сәуір айының аяғында бой көрсете бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда алғашқы дала өрттері сәуір айының аяғында бой көрсете бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мамыр айында Қазақстанда орман дала өрттерi басталады. Бұл туралы брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова хабарлады.

"Орман дала өрттерінің алғашқы толқыны сәуірдің соңында - мамырда басталады деп болжануда. Орман, дала алқаптарында өрт күшеюуі мүмкін", - деді Л.Шапошникова.

Ведомства өкілі, республиканың оңтүстік аймақтарында қауiптi өрт кезеңі ертерек басталатынын атап өтті.

"Орман дала өрттерінің екінші толқыны маусымның соңында - шілдеде басталады деп болжануда. Өртке адам факторы мен найзағай себеп болады", - деп хабарлайды Л.Шапошникова.

Сонымен бірге өрттің үшінші толқыны, оның сөзіне қарағанда, қыркүйекке тура келеді.

Фото: news.nur.kz

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны