29.12.2011, 11:42 4560

Қазақстанда ана мен бала өлімі азайған

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасымен қарастырылған шаралардың арқасында елімізде ана мен бала өлімі бойынша жағдай тұрақтанды және бұл көрсеткіштердің төмендеу үдерісі байқалуда.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ана мен бала өлімі азайған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасымен қарастырылған шаралардың арқасында елімізде ана мен бала өлімі бойынша жағдай тұрақтанды және бұл көрсеткіштердің төмендеу үдерісі байқалуда.

Атап айтқанда, 2011 жылдың 11 айында ана өлімі көрсеткіші 1,4 есеге төмендеген (2011 жылдың 11 айында - әр тірі туған 100 мың адамға шаққанда, бұл көрсеткіш 16,4 құраған, 2010 жылдың 11 айында - әр тірі туған 100 мың адамға шаққанда, бұл көрсеткіш 23 болған).

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бала өлімі 11,3 пайызға төмендеп, әр 1000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 14,9 құраған, 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш - 16,8 болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны