28.06.2007, 15:46 3112

Қазақстанда ана мен баланың өлім көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр - емдеу-профилактикалық кеңес

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда ана мен баланың өлім көрсеткіші бұрынғыдай жоғары күйінде қалып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан құрылған және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға, медициналық ұйымдардың іс-қызметінің деңгейін көтеруге міндетті емдеу-профилактикалық кеңестің бірінші отырысында айтылды.

"Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, елімізде ана мен баланың өлім көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр", -деген акушерлік және педиатрия саласы мамандарының сөздәйегін келтіреді министрліктің баспасөз қызметі.

Мәселен, шұғыл мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың бес айында ананың өлім көрсеткіші тірі туған 100 мың балаға шаққанда 48,9 болса, 2006-жылдың тиісті мерзімінде бұл 43,2 болған. "Бұл көрсеткіштің Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанада өсуіне байланысты кері динамика байқалады", -делінген баспасөз баянында.

Шұғыл мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың бес айында баланың өлім көрсеткіші әрбір тірі туған 1000 балаға шаққанда 15,1, ал 2006-жылдың тиісті мерзімінде 14,5 болған. "Баланың бір жасқа жетпей шетінеу көрсеткіші Қызылорда (20,4), Маңғыстау (18,8), Оңтүстік Қазақстан (18,7) және Жамбыл (17,9) облыстарында ең жоғары", - делінген мәтінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны