16.04.2012, 09:17 4317

Қазақстанда ана мен сәби өлімінің көрсеткіші төмендеген

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ана мен бала өлімінің көрсеткішін төмендету, сондай-ақ қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайту үшін шұғыл шараларды қолға алу жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ана мен сәби өлімінің көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ана мен бала өлімінің көрсеткішін төмендету, сондай-ақ қан айналымы ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайту үшін шұғыл шараларды қолға алу жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ана мен сәби денсаулығын қорғау Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының басым бағыты болып табылады. Елімізде балалар мен аналар жүйелі түрде алдын ала қаралудан өтіп отырады. Оларға қажетті дәрі-дәрмек бөлінеді.

"Ағымдағы жылдың 3 айында ана өлімінің көрсеткіші 21,3 пайызға, сәби өлімінің көрсеткіші 10 пайызға азайған. Және де сәби өлімінің азаюы еліміздің барлық өңірлерінде көрініс тауып отыр", - делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету бойынша қолға алатын жүйелі шараларының аясында 0 жастан 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді диспансерлік бақылаудан өткізу ісін күшейткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны