19.08.2011, 15:00 4596

Қазақстанда аралас неке саны үштен бір есеге өскен

Соңғы 11 жыл ішінде елдегі аралас неке саны шамамен үштен бір есеге: 1999 жылғы 18 402-ден өткен жылы 25 669-ға дейін артқан.

Алматы. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда аралас неке саны үштен бір есеге өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, соңғы 11 жыл ішінде елдегі аралас неке саны шамамен үштен бір есеге: 1999 жылғы 18 402-ден өткен жылы 25 669-ға дейін артқан.

"Экспресс-К" газетінің ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстандағы аралас отбасы институтында өзара түсіністігімен алға шыққандар - қазақтар мен орыстар - 8 841 және сәйкесінше 4 246. Сонымен қатар аралас некеде туған балалардың саны да артып келеді.

"Ата-анасы түрлі ұлт өкілдері болып табылатын балалардың денсаулығы мықты әрі кез келген жұқпаға төзімді болады. Сондай-ақ ата-анасының ұлттық ерекшелігі бір-бірінен қаншалықты алшақ болса, балаларының денсаулығы соғұрлым "мықты" болып туады. Туыстас халықтардың генетикалық фоны негізінен бір-біріне ұқсас, сондықтан сапалы генотип шығару үшін оның негізін құраушы гендердің шығу тегі бір-бірінен алыс орналасқан болуы керек", - деп газет педиатор Татьяна Троегубованың сөздерін мысалға келтіреді.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде аралас неке қалаға қарағанда сирек кездесетіні ескерілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны