18.03.2010, 14:10 3753

Қазақстанда әрбір 100 мың баладан 99 мың бала әртүрлі ауруларға шалдыққан - депутат

Қазақстанда әрбір 100 мың баладан 99 мың бала әртүрлі ауруларға шалдыққан - депутат

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда әрбір 100 мың баладан 99 мың бала әртүрлі ауруларға шалдыққан. Бұл туралы мәжіліс депутаты Майра Айсина кеше өткен палатаның жалпы отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов тың атына жолдаған депутаттық сауалында атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Майра Айсина "Ирбір қазақстандықтың денсаулығы - біздің еліміздің басты құндылығы, ал балалардың денсаулығы - аса жоғары ұлттық құндылық, мұнымен ешкім де дауласа алмайды деп ойлаймын",-дейді Республика премьер-министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған депутаттық сауалында Онда: "Алайда, күнделікті өмірде дені сау болу - бұл табиғи жағдай деп, өзінің денсаулығымен айналысатындар аз.

"Салауатты өмір салтының қарапайым нормаларын сақтамау адамның өмір сүру ұзақтығын өзінің қысқартуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, егер адам өзінің өмірін, өзінің денсаулығын бағаламаса да, біз барлық қоғам болып осыған көңіл аударуымыз, адамға әрбір қазақстандықтың және әсіресе Қазақстанның кішкентай азаматтарының өмірі, денсаулығы - бұл тек адамның өзінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның құнды байлығы екендігін түсіндіруіміз қажет. Бұл тек әлеуметтік қана емес, сондай-ақ адамгершілік мәселе - әрбір ұрпақ тек өздерінің ғана деңсаулығын ойлаумен қатар, өздерінің балалары мен немерелерін өсіре және тәрбиелей білуге тиіс".

Дене шынықтыру - жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бір сөзбен айтқанда, дене шынықтыру - денсаулықты қолдаудың жай ғана тиімді құралы емес, сонымен бірге адамның қоғамда табысты болу мүмкіндігі.

Қазақстанда мектептерде дене шынықтыру нормативтеріне - аптасына үш сағатқа көшу бойынша болашағы бар қадамдар жасалды. Алайда, құжатты қабылдау бір іс те, оны жүзеге асыру - бір бөлек. Қазіргі уақытта дене шынықтыруға деген қөзқарас, яғни мектеп пәні ретіндегі көзқарасы, жұмсарта айтқанда, мұғалімдер, балалардың өздері, және олардың ата-аналары тарапынан да селқостық байқалады.

Бүгінгі күні мектептерде дене шынықтырудың сындарлы сабақтары жоқ деп санауға болады, балалардың көпшілігі сабаққа бармайды, ата-аналары барлық өтірік-шынымен сабақтан босату туралы анықтамалар алып, өз баласына "артық қызмет" көрсетеді. Ал, қимыл тапшылығы, онымен бірге сабақ жүктемелерінің көптігі, құрғақтай тамақтану теріс құбылыстарға әкеп соқтырады. Небәрі бір ғана көрсеткіш: 100 мың баладан 99 мың бала әртүрлі ауруларға шалдыққан.

Осыған байланысты, Кәрім Қажымқанұлы, тиісті атқарушы органдарға бұқаралық спортты, дене шынықтыруды насихаттауға ықпал ететін шаралар дайындау туралы тапсырма беруіңізді өтінемін, оның ішінде: көп функциялы және әмбебап спорттық құрылыстарға байланыстырылып, дене шынықтырудан "спорт - баршамыз үшін" форматындағы жаңа стандарттар мен нормативтер дайындалсын, ол әсіресе 2011 жылғы Астана мен Алматыдағы Азия ойындарынан кейін маңызды болады; балалар мен жеткіншектер арасындағы спорттың танымал түрлерін біріктіруге бейімделген Қазақстан мектеп спортының федерациясы құрылсын, мектеп спартакиадалары, "Чемпионмен жаттығу", олимпиадалықтардың шебер-кластары жобалары дамытылсын, "Былғары доп", "Көңілді сөрелер", "Алтын шайба" жарыстары жаңғыртылсын және басқа; балалардың ерекшеліктері және санитарлық норма талаптары ескеріліп, ойын үлгілерінің есебінен әртүрлілігін қамтамасыз ете отырып, қосымша білім беру есебінен дене шынықтыру сабақтарының саны арттырылсын; жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде спорт пен дене шынықтырудағы жетістіктері ескерілсін, мысалы, оқу құны төмендетілсін; шығармашылық жаттықтыру-педагогикалық кадрларды даярлауда инновациялық бағдарламалар, жаңа әдістемелер қолданылсын; өскелең ұрпақта салауатты, белсенді өмір салты түсінігін, белсенді қимылдың адам ағзасына маңызын, тиісті дағдыларды, әдеттерді, жаттығу, дене шынықтырумен айналысу қажеттігін қалыптастыруда қоғамның, мұғалімдер, ата-аналар, балалар, БАҚ күш-жігері біріктірілсін",- делінген сауалда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны