21.08.2012, 12:01 3218

Қазақстанда әскерге шақырылған азаматтар міндетті түрде есірткі тестінен өткізіледі

Үкіметтің 2012 жылы 7-тамызда қабылдаған №1029 қаулысында осындай талап қойылып отыр, делінген хабарламада.

Астана. 21-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда әскерге шақырылған азаматтар міндетті түрде есірткі тестінен өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сейсенбі күні Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің 2012 жылы 7-тамызда қабылдаған №1029 қаулысында осындай талап қойылып отыр, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қаулы бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда тұрақты қызмет ететін медициналық комиссиялар құрылмақ.

Бұл өзгертулер "қарулы күштер мен әскери бөлімшелер саласында жүргізілетін әскери-дәрігерлік сараптама сапасын жақсартуға" бағытталған.

Ресми баспасөзде жарияланған қаулы күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны