02.06.2015, 14:28 3809

Қазақстанда әскери қызметшілерді бағалаудыӊ жаӊа жүйесі тестіленуде

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді бағалаудыӊ рейтингтік жүйесініӊ эксперментальді жобасы сынамадан өтуде. Эсперименттен өтуге ҚР ҚК Құрлық әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ 27943, 32363, 97617 және 55652 төрт әскери бөлімініӊ офицерлері таӊдалды

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді бағалаудыӊ рейтингтік жүйесініӊ эксперментальді жобасы сынамадан өтуде. Эсперименттен өтуге ҚР ҚК Құрлық әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ 27943, 32363, 97617 және 55652 төрт әскери бөлімініӊ офицерлері таӊдалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жүйе әскери қызметшіні 40 критерий бойынша сыналады, лауазымына қарамастан барлық офицерлерді бағалау үшін 35 сұрақ белгіленді және үш тарауға бөлінді: жалпы мінез-құлқы, кәсіби дайындығы, ерекше қасиеттері. Қалған 5 сұрақ командалық және штабтық лауазымдар бойынша офицерлерді бөлек бағалауды қамтиды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған қағидат мектепте тест тапсыруды еске салады. Бұл ретте сұрақтарға тестілеуден өтетін адам емес оныӊ тікелей командирі жауап береді. Барлық деректер өӊделеді және автоматты режімде есептелінеді. Себебі, жауаптар парағы сканерленіп, автоматтандырылған жүйемен танылады. Одан кейін компьютер 100 балдық жүйе бойынша қорытынды баға шығарады. Мұндай рейтингтік тетіктерді қолдану ҚР ҚК туралы нақты және анағұрлым дәйекті мәлімет алуға, сонымен қатар жеке құрамныӊ кәсіби тұрғыда өсуін ынталандырады. Алайда, экспериментке қатысқан әрбір офицерді бағалаудыӊ нәтижелері алынып, зерделенбегенше жаӊа жүйеніӊ тиімділігі туралы айту әлі ерте.

Айта кетейік, мұндай жүйе Түркия мен АҚШ Қарулы Күштерінде сәтті қолданылып жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны