01.07.2015, 12:27 3785

Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу рәсімі анағұрлым жеӊілдетілді

Қабылдаудыӊ барлық қағидаларына құжаттар ресімдеу бойынша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, аралық сатылар қысқартылып, кәсіби іріктеу кезеӊдерініӊ әділеттігі арттырылды. Енді әскери оқу орындары оқып-үйренушілердіӊ анағұрлым сапалы контингентін іріктей алады

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Қабылдаудыӊ барлық қағидаларына құжаттар ресімдеу бойынша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, аралық сатылар қысқартылып, кәсіби іріктеу кезеӊдерініӊ әділеттігі арттырылды. Енді әскери оқу орындары оқып-үйренушілердіӊ анағұрлым сапалы контингентін іріктей алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қабылдау қағидаларына енгізілген жаӊашылдық маӊызды және елеулі болып табылады. "Жас ұланды" қоса есептегенде, барлық республикалық әскери мектеп-интернаттарына қабылдау жергілікті әскери басқару органдарынан өтіп барып, 9-сыныптан кейін (10-сыныптан бастап) жүзеге асырылады. Енді байқау ҰБТ (ТКТ) тапсыру нәтижелері бойынша ғана емес, кәсіби іріктеудіӊ барлық кезеӊдерінен өту қорытындысы бойынша есептелінетін рейтингтік балл арқылы жүргізілетін болады. ҰБТ сертификаттарында таӊдау бойынша пәндердіӊ түрлері көбейеді. Атап айтсақ, физика, химия, биология, жағрафия, "Искери іс және қауіпсіздік" тобыныӊ барлық мамандықтарына арналған дүниежүзі тарихы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұдан өзге, ғылыми негізде кәсіби-психологиялық іріктеу үшін жаӊа тестілер әзірленеді.

ҚР Қарулы Күштерініӊ құрылу кезінен бастап әскери кадрларды даярлау мәселелеріне үлкен көӊіл бөлінетіндігін айта кету қажет. Қолданыстағы әскери оқу орындары білім берудіӊ барлық деӊгейлері мен дәрежелерін ұсынуда және сержанттардан бастап офицерлерге дейін әскери мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, сондай-ақ қаруланған күрес құралдарыныӊ даму үрдісін, әскерлер мен қаруды басқару, заманауи ұрыстар мен қарулы жанжалдарда ақпаратттар рөлініӊ ұлғаюын ескере отырып, кадрларды даярлау жүйесі ұдайы жетілдіріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны