04.02.2016, 15:21 3145

Қазақстанда Атұмауыныӊ асқынуынан болған екінші өлім жағдайы зертханалық түрде дәлелденді

Қарағанды қаласыныӊ 33 жасар тұрғыны плевриттіӊ асқынуынан болған екі жақты пневмонияныӊ ауыр ағымы салдарынан қайтыс болды. Пневмонияны анықтау мақсатында жасалған зертханалық зерттеу барысында маусымдық тұмаудыӊ А (Н3N2) штамы анықталды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласыныӊ 33 жасар тұрғыны плевриттіӊ асқынуынан болған екі жақты пневмонияныӊ ауыр ағымы салдарынан қайтыс болды. Пневмонияны анықтау мақсатында жасалған зертханалық зерттеу барысында маусымдық тұмаудыӊ А (Н3N2) штамы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

20 қаӊтар күні ол дене қызуы көтеріліп, өзін өзі нашар сезінгеннен соӊ жедел медициналық көмек бригадасын шақырады. Дәрігерлер ауруханаға апарғысы келгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартады. Оған дәрілік тағайындау жасалып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беріледі. 21 қаӊтарда ол Қарағандыдағы №4 емханаға жүгінеді. Сырқаттанған адам ауыр жағдайына байланысты №1 ауруханаға жатқызылады. Оған медициналық көмек көрсету мақсатында Астана қаласыныӊ республикалық орталықтарындағы еӊ үздік мамандар шақырылады. Қарқынды түрде жүргізілген емге қарамастан, 25 қаӊтарда ол қайтыс болады.

Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық маусымда өзге жылдардағыдай тұмаудыӊ бірнеше А (Н3N2), (Н1N1) штамдары, түрі анықталмаған (штамды анықтау жұмыстары жүргізілуде), сонымен қатар В вирусты тұмау да бар.

С начала года в круглосуточные стационары республики с диагнозом "Грипп" было госпитализировано 300 человек, с ОРВИ - 16 тыс. 108. По состоянию на 3 февраля от гриппа пролечено 249 пациентов, от ОРВИ - 12 тыс. 137. В настоящее время в больницах лечение получают 51 человек с диагнозом "Грипп". Их состояние оценивается как стабильное и находится под контролем Министерства здравоохранения и социального развития РК.

Жыл басынан бастап республиканыӊ тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 300, ЖРВИ-мен 16 мыӊ 108 адам жатқызылды. 3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 249, ЖРВИ-дан 12 мыӊ 137 пациент емделді. Қазіргі таӊда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 51 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардыӊ жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бақылауына алынды.

Қазақстанныӊ медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердіӊ кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарыныӊ (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканыӊ 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканыӊ барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеӊде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Жедел медициналық көмектіӊ қосымша бригадалары құрылып, емханаларда қосымша телефон желілері ұйымдастырылды. ҚР ДСИДМ мамандары аурудыӊ деӊгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудыӊ алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларыныӊ аралығында 1 млн. 700 мыӊ адам, оныӊ ішінде жалпы республика тұрғындарыныӊ 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

ҚР ДСИДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға - бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудыӊ бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау - жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеӊес береді.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетініӊ мәліметі бойынша, 2 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымныӊ басынан бастап (2015 жылдыӊ 1 қазанынан) тұмаудыӊ 745 зертханалық дәлелденген жағдайы мен 322 мыӊнан астам ЖРВИ тіркелген. Жалпы алғанда, елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану ұйғарынды көрсеткіштен асқан жоқ, сонымен қатар, 2015 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда төмен болып отыр.

Естеріӊізге сала кетейік, 19 қаӊтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада А (Н1N1) тұмауынан болған пневмониядан 1 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны