10.01.2013, 15:23 3528

Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі бүгін фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, олармен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі бүгін фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, олармен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.

Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с күшейіп, оның екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз 15-20 м/с дейін жететін екпінді жел соғады, Жарма ауданында желдің күші 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын болып, күндіз жел күшінің 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел күшейіп, бұрқасындатады.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болады.

Жақын тәуліктерде республиканың жекелеген таулы өзендерінде мұз құбылыстарымен түсіндірілетін су деңгейінің ауытқулары байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны