01.07.2013, 13:09 2903

Қазақстанда аудан маңызындағы қала әкімдерінің 90 % астамы қайта сайланады

Ағымдағы жылдың тамызында 2457 әкім сайланады, бұл жалпы санынан шамамен 91,5% құрайды, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз мәслихаты барысында.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда аудан маңызындағы қала әкімдерінің 90 % астамы қайта сайланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың тамызында 2457 әкім сайланады, бұл жалпы санынан шамамен 91,5% құрайды, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз мәслихаты барысында.

"Ағымдағы жылдың тамызында барлығы 2 457 әкім сайланады, бұл оның елдегі жалпы санынан 91,5% құрайды... Жергілікті бюджеттен оларды өткізуге шамамен 594 млн теңге бөлу жоспарланған", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар, ол сайлау науқаны бір ай ішінде жүргізілетінін айтып өтті. Жалпы сайлауларға 2 602 депутаттан тұратын 188 аудандық және қалалық мәслихаттар қатысады.

Айта кету керек, халықтың сайлауға нақты қатысуы халықпен жеке кездесулер өткізу арқылы жергілікті қауымдастықпен консультациядан кейін аудан әкімімен кандидаттарды жоғарылату қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда ОСК мәліметінше барлық аумақтық сайлау комиссиялары жұмысқа қабілетті және сәйкес оқытудан өткен.

"Қазіргі уақытта сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткізуге ұйымдастыру және әдістеме жағынан дайын", - деп қортындылады ОСК басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны