16.04.2012, 10:42 3580

Қазақстанда аваибилеттердің бағасы төмендеуі мүмкін

Парламент Мәжілісінің Депутаты Ольга Киколенко авиациялық керосин бағасының жағдайы реттелгеннен кейін авиабилеттер тарифі төмендеу мүмкіндігі бар ма деген сауал қойды.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда аваибилеттердің бағасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Парламент Мәжілісінің Депутаты Ольга Киколенко авиациялық керосин бағасының жағдайы реттелгеннен кейін авиабилеттер тарифі төмендеу мүмкіндігі бар ма деген сауал қойды.

"Осы 16% бағаның қымбаттауынан кейін 750 километр Қостанайға дейін жолақысы 30 мың теңгеге дейін өседі. Қостанайдан Мәскеуге ұшқаннан гөрі билет бағасы Қостанайға дейін екі есе қымбат болуы азаматтардың айтарлықтай алаңдаушылықтарын туғызатыны сөзсіз", - деді О.Киколенко.

Мұрат Оспанов егер жанар май бағасы өзгеретін болса, авиабилеттердің төмендеу мәселесі қайта қаралатындығына да айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны