07.06.2016, 16:35 11527

Қазақстанда автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру ережелеріндегі өзгерістер күшіне енді

Бұған қоса, азаматтарға дербес дайындалуға және "Азаматтар үшін Үкімет" мемлекеттік корпорациясы ғимаратында орналасқан тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде "А, А1, В, В1" санаттарында автомото көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу емтиханын тапсыруға мүмкіндік беретін норма енгізілді.

Астана. 7 маусым. Kazakhstan Today - Бүгіннен бастап Көлік құралдарыныӊ сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарыныӊ жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесіне, Көлік құралдарын тіркелу барысында ұсынылатын құжаттар (заӊды тұлға жарғысы алынып тасталды) тізбесін қысқарту бөлігінде емтихан алу және жүргізуші куәлігін беру (ҚР ІІМ-ніӊ 2016 жылғы 12 сәуірдегі №383 бұйрығы) ережесіне өзгерістер күшіне енді, сонымен қатар көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті ауыстырғанда (жоғалғанда) көілк құралдарын тексеру жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сонымен қатар аталған өзгерістерге сәйкес, бүгіннен бастап тіркелген тұрғылықты мекенжайына қарамастан Мемлекеттік корпорация ғимаратында орналасқан тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде емтихан тапсырған тұлғаларға жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұған қоса, азаматтарға дербес дайындалуға және "Азаматтар үшін Үкімет" мемлекеттік корпорациясы ғимаратында орналасқан тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде "А, А1, В, В1" санаттарында автомото көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу емтиханын тапсыруға мүмкіндік беретін норма енгізілді.

Емтихандарды алу процедурасы өзгеріссіз қалады, теориялық және практикалық кезеӊдерден тұрады. Көлік құралы жүргізушілігіне кандидат 40 минут бойы теориялық емтихан тапсырады. 32 сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда практикалық емтиханға жіберіледі.

Практикалық емтихан тапсыру барысында кандидат 20 минут бойы бір-бірімен белгілі бағдар бойынша байланысқан 12 сынақ жаттығуын тапсыруы тиіс. Бұл ретте айып балдары 100-ден аспауы қажет.

"Азаматтар үшін Үкімет" мемлекеттік корпорациясында көлік жүргізу дағдысы бойынша практикалық емтихан алу қажетті техникалық құралдармен жабдықталған, автоматтандырылған автодромдарда жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны