18.06.2013, 14:03 17927

Қазақстанда азаматтық істердің 3 %-ы ғана бітімгершілікпен аяқталады

Бұл жөнінде бүгін "Бітімгершілік-Примирение" (қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде) жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда азаматтық істердің 3 %-ы ғана бітімгершілікпен аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін "Бітімгершілік-Примирение" (қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде) жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Жыл сайын соттарда 300 мыңнан астам азаматтық іс қаралады. Ирі олардың саны үнемі өсіп отырады. Мәселен, 2007 жылы еліміздің соттарында 220 мыңнан астам азаматтық іс қаралса, өткен жылы олардың саны 310 мыңнан асты", - деген мәлімет келтірді Асхат Дауылбаев.

Оның айтуынша, сот қарастыратын азаматтық істердің тек 3 %-ы ғана бітімгершілікпен аяқталады.

"Соттан тыс, оның ішінде медиация көмегімен бітімге келу кең таралмай отыр. Илемдік тәжірибеде дауларды шешу кезінде басты назар бітімгершілік шараларына және баламалы тәсілдерге, делдалдықтың әр түрлі амалдарына аударылады. Олардың ішінде соттан тыс та, сот процесі шеңберінде де бітімгершілік институты неғұрлым тиімді деп танылып отыр", - деп атап өтті Бас прокурор.

Оның айтуынша, шетелде даулардың көпшілігі сотқа жетпей шешіледі. Мәселен, АҚШ-та даулардың 97 пайызы бітімгершілікпен аяқталады екен. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 87 пайызды, Словенияда 40 пайызды құрайды.

"Бітімгершілік амалдары тиімді жұмыс жасауы үшін, кешенді іс-шаралар қажет. Сондықтан бітімгершілік институтын дамытуда шаралар кешенін әзірлеу үшін сот, прокуратура және әділет органдарының күшін біріктірдік. Бұл жұмыстың нәтижесінде "Бітімгершілік-Примирение" тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Ол бітімгерлік шараларын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді, дауларды шешудің соттан тыс тәсілдерін жетілдіруді көздейді",- деп түйіндеді Дауылбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны