12.02.2015, 18:02 6682

Қазақстанда балабақшамен қамту бүгінде 80 пайыздан асты

Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту бүгінде 80 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісі алдындағы брифингте аталған ведомствоныӊ басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда мектепке дейінгі біліммен қамту бүгінде 80 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісі алдындағы брифингте аталған ведомствоныӊ басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылға қойылған міндеттерді толық орындадық. 120-дан астам жаӊа мектеп ашылды. Балабақшамен қамту бүгінде 80 пайызға жетті. Бізде 3-6 жас аралығындағы балалардыӊ саны 1 млн. болса, 800 мыӊы балабақшаға барады",-деді министр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы орайда балабақша санын арттыру бағытында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке екпін қойылады

Оныӊ сөзіне қарағанда, кәсіби-техникалық білім саласындағы еӊ басты мақсат - дуальді білім беру жүйесін дамыту. Атап айтқанда, 280 колледж 3225 кәсіпорынмен бірлесіп, дуальді білім беру элементтерін оқытуда. Биыл "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ аясында 10 базалық колледж идустрияландырудыӊ екінші кезеӊіне арнайы маман даярлауды бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны