22.07.2015, 15:37 3040

Қазақстанда балалардыӊ өзіне-өзі қол салу жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда оӊды - ЮНИСЕФ

Қазақстанда балалардыӊ өзіне-өзі қол салу жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда оӊды, деді БҰҰ-ныӊ Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда балалардыӊ өзіне-өзі қол салу жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда оӊды, деді БҰҰ-ныӊ Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Балалардыӊ өзін-өзі қол салу жағдайына өте байсалды болу керек. Жалпы алғанда біз Қазақстанда балалардыӊ өзіне-өзі қол салу жағдайлары бойынша өзге елдермен салыстырғанда экстремалды жағдайды байқап тұрған жоқпыз. Қазақстанда бұл мәселеге өзге елдермен салыстырғанда ерекше көӊіл бөлініп отыр. Қазақстанда соӊғы 15 жылда өзін-өзі қол салу жағдайлары 37 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қалалық жерде жоғары, ал ауылдық аймақтарды төменірек",-деді Ю.Оксамитный, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сарапшыныӊ айтуынша, өзіне-өзі қол салу мәселесіне келгенде жауапкершілікті тек Үкімет пен жергілікті билік органдарына, кәсіби мамандарға ғана артып қоюға болмайды.

"Біздіӊ ойымызша, бұл мәселеге үкіметтік емес ұйымдарды тартып, отбасындағы жағдайға назар аударып, ата-аналардыӊ тәрбие беру ісіне көӊіл бөлу керек. Баланы дамытып отыру қажет, олар өмірге қажетті психологиялық әдептерге дағдыланулары керек. Осы қолдау көрсетілуі үшін тиісті ақпараттарды БАҚ арқылы жеткізу маӊызды",-деді сарапшы.

Оныӊ сөзінше, бұл мәселеге Қазақстанда Үкімет деӊгейінде үлкен көӊіл бөлінуде.

"Бған қоса, 2015 жылдыӊ екінші жартысында, күзде балаларға қатысты зорлық-зоб\мбылықтардыӊ алдын алуға бағытталған ұлттық науқанға көшпекпіз. Біз аталған науқан шаралары балалардыӊ өздеріне өздері қол салу жағдайларыныӊ оӊалуына игі ықпал етеді деп сенеміз",-деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны