20.02.2008, 13:10 2379

"Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасы осы жылдың қыркүйек айында қабылданады деп күтілуде - Ысқақов

"Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасы осы жылдың қыркүйек айында қабылданады деп күтілуде - Ысқақов

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасы осы жылдың қыркүйек айында қабылданады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда орны толтырылатын қуат көздерін дамыту мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз "Орны толтырылатын қуат көздерін дамытудың 2024 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы" мен "Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасын жасадық. Бұл құжаттар Қазақстанда орны толатын ресурстарды дамытуға құқықтық орта құруды көздейді", - деді Н. Ысқақов.

Оның айтуынша, бұл жоба үкіметтің биылғы заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына енгізілген және ол "қыркүйек айында парламентте қабылданады".

"Жуырда мен жарлыққа қол қойып, барлық тараптарға пайдалы болатын заң жобасын кең көлемді талқылай отырып қабылдау үшін шетелдік инвесторлар, ғалымдар мен бейресми ұйымдарды қатыстыра отырып, жұмыс тобын құрдым", -деді министр.

"Бұл заң жобасын қабылдау қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді, өйткені, президенттің тапсырмасы бойынша сонымен біруақытта қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін төлемдердің орнына экологиялық салықты енгізу мәселесі дәйектеліп жатыр", -деді министр. Оның бағалауынша, бұл құжаттар өзара тығыз байланысты және экологиялық салықтарды қабылдау мәселесі жаңа Салық кодексін қабылдау аясында қаралады.

"Біз Германияның тәжірибесіне сәйкес, салық жүктемесін бөліп, қоршаған ортаға шығын әкелетін кәсіпорындарға салынатын салықты келешекте орны толтырылатын қуат көздерін дамытуды қолдау үшін таратуды көздеп отырмыз, сонда ғана "ластаушы төлейді" деген принцип жұмыс істей бастайды", - деді Н. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны