20.02.2008, 16:17 2841

"Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасын қабылдау орны толтырылатын қуат көздерін дамытуға 500 - 600 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

"Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасын қабылдау орны толтырылатын қуат көздерін дамытуға 500 - 600 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанда баламалы қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасын қабылдау орны толтырылатын қуат көздерін дамытуға 500 - 600 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда орны толтырылатын қуат көздерін дамыту мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құқықтық қамтамасыздық және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Александр Брагин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл заң жобасын қабылдау орны толтырылатын қуат көздерін дамытуға 500 - 600 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға және 2024 жылы шамамен 10 млрд кВт-сағ электр қуатын өндіру арқылы қуаттылығы 3000 МВт орны толтырылатын қуат көздерін іске қосуға мүмкіндік береді", - деді А. Брагин.

Оның бағалауынша, орны толатын қуат көздерінің мұндай даму қарқыны Қазақстанға 2024 жылы 3- 3,5 млн тонна шартты отынды жыл сайын үнемдеуге жол ашады. "Осы орайда тұтынушы үшін электр қуатының құнының қымбаттауы электр қуатын өндіру үшін орны толатын қуат көздерін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру есебінен шамамен бір кВт-сағатына 4 тиын болмақ", - деді мекеме өкілі.

А. Брагин бұған қоса аталған заң жобасын қабылдаудан және елімізде баламалы қуат көздерін дамытудан келетін экологиялық пайдаларды тізбеледі. "Осындай пайдаларға 2010-2024 жылдар аралығында ауаға тасталатын парник газдарының көлемі көмір жағатын станциялардың электр қуатын алмастырған жағдайда шамамен 75 млн тонна көмірқышқын газына эквивалентті қысқармақ", - деді ол. Бұған қоса ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы кезеңде күкірт диоксидінің эмиссиясы 410 мың тоннаға, азот оксиді 200 мың тоннаға, ұшпалы күл эмиссиясы 410 мың тоннаға, ал қатты қалдықтар 18 млн тоннаға азаяды деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны