12.10.2007, 18:11 2708

Қазақстанда "Бәсекеге қабілетті 50 елге жол" мегажобасы жүзеге асырылатын болады

Қазақстанда "Бәсекеге қабілетті 50 елге жол" мегажобасы жүзеге асырылатын болады.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Транзиттің біртұтас жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында, Қазақстанда "Бәсекеге қабілетті 50 елге жол" мегажобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов бүгін "Қазақстан -2030": алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С. Ахметов, бүгінде республикамыздың көлік саласын күрделі міндеттер күтіп тұр, деп атап өтті. "Бұл - көлік инфрақұрылымының бәсекелестікке қабілеттілігін және оның сапалық жаңаша деңгейге көтерілуін, аталмыш саланы еліміздің геостратегиялық ресурстарынан ең жоғары деңгейде пайда таба алатын экономиканың дербес даму нүктесіне айналдыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, отандық өнімнің өзіндік құнының құрамындағы транспорттық көрсеткішті төмендету", - деп атап көрсетті көлік мекемесінің басшысы.

Министрдің айтуынша, бұл міндеттерді орындауда 30 млрд АҚШ долларына бағаланған 80-нен астам ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

"Үстіміздегі жылы 125 млн теңгеге бірқатар жобаларға қатысты байқау процедурасы аяқталып, алдағы екі жылға орташа мерзімді концессиялық жобалар тізімі бекітіледі, олардың құны 296 млрд теңгені құрайды",- деп атап көрсетті С. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны