22.08.2008, 16:06 1369

Қазақстанда бәсекеге қабілетті мамандар құрамын жасақтау жөніндегі ұлттық пактіге қол қойылды

Қазақстанда бәсекеге қабілетті мамандар құрамын жасақтау жөніндегі ұлттық пактіге қол қойылды

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстанның "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасы халықаралық еңбек форумының қорытындысы бойынша бәсекеге қабілетті мамандар құрамын жасақтау жөніндегі ұлттық пактіге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құжатқа аталған мекемелердің басшылары Бердібек Сапарбаев , Жансейіт Түймебаев және ұлттық экономикалық палата төрағасы Азат Перуашевтер қол қойды.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, министрліктер мен Қазақстанның "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасы дайындаған құжатта ұлттық мамандарды дамыту және отандық еңбек нарығын қорғау жөнінде тараптардың жүктеп алатын міндеттемелері көрсетілген.

"Бұл бастама салалық және өңірлік деңгейлерде түсіністік пен қызығушылық тудырады деп сенеміз", - деді Б. Сапарабаев.

"Ирбір өңірде білім беру жүйелері мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасында кәсіби білікті мамандар дайындау жөнінде тығыз байланыс орнатып, өзара меморандумдар, әлеуметтік серіктестік келісімдерін жасау жолымен жүру қажет ", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны