22.06.2009, 12:47 1299

Қазақстанда бес айда тұрақты және маусымдық жұмыстарға 81 мың адам жегілді, ал қоғамдық жұмыстарға 58 мың адам тартылды - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда бес айда тұрақты және маусымдық жұмыстарға 81 мың адам жегілді, ал қоғамдық жұмыстарға 58 мың адам тартылды - Кәрім Мәсімов

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бес айда тұрақты және маусымдық жұмыстарға 81 мың адам жегілді, ал қоғамдық жұмыстарға 58 мың адам тартылды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Орталық пен өңірлік деңгейлерде "жол картасы" бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Қажетті нормативтік-құқықтық база қысқа мерзімде құрылды. Қабылданған "жол картасының" іс-шараларын жүзеге асыруға ағымдағы жылы 121 млрд астам теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен - 140 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 51 млрд теңге бөлу қарастырылған", - деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының ақпаратына сәйкес, "ағымдағы жылдың 5 айында жұмыспен қамту органдарына жүгнген 164 мың адамнан тұрақты және маусымдық жұмыстарға 81 мың адам жұмысқа жегілді, ал қоғамдық жұмыстарға 58 мың адам тартылды".

"Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық жүйелерін жөндеу, қайта салу және дамытуға бөлінген 60 млрд теңгеден қазіргі жағдаймен 14 млрд теңгесі игерілді. Жол дарды жөндеуге бөлінген 50 млрд теңгеден 11 млрд теңге игеріліп, іс жүзінде 21 мың жұмыс орны құрылды. Мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жылылауға бөлінген 49 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі игерілді", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны