06.09.2010, 15:32 5074

Қазақстанда бес күн ішінде 2 млн жуық бала полиомиелитке қарсы егілетін болады

Қазақстанда бес күн ішінде 2 млн жуық бала полиомиелитке қарсы егілетін болады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті,, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда бес күн ішінде 2 млн жуық бала полиомиелитке қарсы егілетін болады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті,, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанда "бүгіннен бастап 10-қыркүйекке дейін 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы қосымша егу науқаны жүргізіледі. "Олардың біразы егіліп те қоюы мүмкін, қосымша егілу жақсы әсер беріп, балалардың науқастануынан сақтайды",- деп атап өтті министр.

Ж. Досқалиевтің айтуынша, науқан күндері 1,8 миллион балаға егу жүргізілмек. Бұған вакцинаның 2,018 миллион данасы сатылып алынған. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен 64 миллион теңге бөлінген. Егу жұмыстары үшін 6500 егу пункті ашылып, 4532 арнайы бригада жұмыс істейді. Оның 1229 қол жетімділігі қиын таулы аймақтарда жұмыс істейді. Олар 450 балаға егу жұмысын жүргізбек. Тегі Бельгиялық арнайы алынған вакцинаны мамандар барлық талапқа сай деп отыр.

Ресей, Өзбекстан, Моңғолияда таралуына байланысты өткізіліп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Салауаты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің ұлттық орталығының өкілдері хабарлады.

Полиомиелит - бұл жүйке жүйесін сал қылатын те қауіпті жұқпалы ауру. Індет тамақ, су, тұрмыстық қатынас, сонымен қатар ауа-сілекей арқылы тарайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны