10.08.2017, 19:08 4152

Қазақстанда биыл "Алғашқы қоӊырау" 2-қыркүйекте соғылады

1-қыркүйек Құрбан айт мерекесіне сай келгендіктен, биыл еліміздіӊ мектептеріндегі алғашқы қоӊырау 2-қыркүйекте соғылатын болды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы Басшысыныӊ міндетін атқарушы Ануар Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - 1-қыркүйек Құрбан айт мерекесіне сай келгендіктен, биыл еліміздіӊ мектептеріндегі алғашқы қоӊырау 2-қыркүйекте соғылатын болды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы Басшысыныӊ міндетін атқарушы Ануар Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді. Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа келетін балалар саны 23 мыӊға жеткен. Қаланыӊ білім беру жүйесі 422 мекемені қамтиды. Оныӊ 264-і мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту болса, жалпы орта білім беретін 95 мектеп бар. Сала басшылары Астана қаласы 2017-2018 оқу жылына толықтай дайындығын жеткізді деп хабарлайды www.ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы білім беру мекемелерініӊ жаӊа оқу жылына даярлығына арналған баспасөз конференцияда ағылшын тілін білетін мұғалімдердіӊ жалақысы көбейетіндігі айтылды. 2017-2018 оқу жылында мектеп формасы - ақ жиде мен қою көк түсті классикалық стильде болуы шарт. Ал ата-ананыӊ оны базардан немесе қымбат сауда үйінен сатып алуы өз еркінде болады.

? Оқу жылыныӊ қарсаӊында бастауыш сынып мұғалімдерініӊ тапшылығы туындайтынын атап өткен жөн деп ойлаймын. Бүгінгі таӊда жалпы алғанда 248 маман қажет. Оныӊ теӊ жартысы - бірінші сынып мұғалімдері. Бұл сұрақ бойынша жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ аймақтардыӊ білікті мамандарын және астаналық зейнетке шыққан бірақ қызмет жасауға дайын болған ұстаздарын жұмысқа алуға дайынбыз,- деді Ануар Жанғозин

Білім беру саласындағы тағы бір жаӊалық - биыл 480 орынды қамтитын 2 мемлекеттік балабақша, 720 орынды қамтитын 3 балабақшаныныӊ тапсырылуы жоспарланған. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шегінде 2019 жылы пайдалануға берілетін 1680 орындық 6 балабақшаныӊ құрылысы жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны