23.06.2008, 18:00 3145

Қазақстанда биыл ҰБТ орташа баллы 68-ді құрады - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қазақстанда биыл ҰБТ орташа баллы 68-ді құрады - ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биыл ҰБТ орташа баллы 68-ді құрады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биыл бес пән бойынша ҰБТ орташа баллы 68 баллды құрады", - деді Ж. Түймебаев. Бұл ретте ол 2004 жылы осы көрсеткіш 52,3 баллды; 2005 жылы - 60,3; 2006 жылы - 63,2; 2007 жылы - 71,1 баллды құрағанын атап өтті.

Министр ұлттық бірыңғай тес барысында "жақсы" деген баға алған түлектер саны жалпы алғанда биылғы жылы 17,8 пайызға өскендігін атап көрсетті. Сонымен бірге, оның айтуынша, "қанағаттанарлық" деген баға алған мектеп бітірушілер саны 13,7 пайызға азайған.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, ҰБТ-де 116 280 адам қатысса, оның 68 860-ы қазақ мектептерді, ал 47 420-ы орыс мектептерді бітіргендер болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны