02.06.2008, 14:10 3677

Қазақстанда білім беру саласындағы басты проблема - жалақының төмендігі - Мұқажанов

Қазақстанда білім беру саласындағы басты проблема - жалақының төмендігі - Мұқажанов

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда білім беру саласындағы басты проблема - жалақының төмендігі. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы энергетика және байланыс институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы Владимир Мұқажанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жоғары білім беру саласының басты проблемасы оқытушылардың, тіпті жоғары білім беру саласындағы барлық қызметкерлердің жалақысының өте мардымсыздығы", - деді В. Мұқажанов.

Оның айтуынша, "жоғары оқу орнының ең таңдаулы студенттері үшінші немесе төртінші курстан компанияларға кетеді, ал оқытушылық қызметке ешқайсысы қалмайды".

ЖОО оқытушысының айтуынша, "студенттерді оқу бітіргеннен кейін жалақысына қосымша төлеу арқылы өздерінде қалдыруға талпыныстар жасалуда". "Алайда, бір жыл өте сала олар бізден екі-үш есе артық төлейтін компанияға кетіп қалады, ал біз жалақыны көтере алмаймыз", - деді В. Мұқажанов.

"Қазір біздің жалақымыздың төмендігі соншалықты, біздің оқытушылар мен оқу орындары "қартая" бастады. Жастар бізге келмейтін болды, білім беру саласындағы ең өзекті проблема - жалақы...", -деді ол.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында техникалық мамандықтар мен ауылшаруашылығы мамандықтарына түсетін студенттер санының аздығы тілге тиек етілді.

"Бүгінде ауылшаруашылығы масандықтары бойынша мамандар жетіспейді. Бізде әрине, жоғары оқу орындары бар, бірақ, ауылға барып мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан ешкім жоқ", -деді Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Болат Тілепов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны