26.07.2013, 13:55 2882

Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының кепілдігімен кепілсіз оқу несиелері беріледі

Қазақстанда бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ оқу несиелеріне кепілдіктер ұсынады, деп хабарлады бүгін орталық төрайымы Забира Оразалиева.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының кепілдігімен кепілсіз оқу несиелері беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ оқу несиелеріне кепілдіктер ұсынады, деп хабарлады бүгін орталық төрайымы Забира Оразалиева.

"Оқу грантының иегері атана алмаған талапкерлер немесе оқу барысында қаражат тапшылығы проблемасына ұшыраған студенттер өз оқуының ақысын төлеу үшін мемлекеттің кепілдігімен оқу несиесін пайдалана алады. Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығының кепілдігімен оқу несиелерін беретін 4 банк серіктесіміз болып табылады", - деді З. Оразалиева.

Сонымен қатар, ол кепілдеме ізденушінің үлгерім деңгейіне байланысты болатынын атап өтті. Осылайша, үлгерім неғұрлым жоғары болған сайын орталықтың кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

Бүгінгі таңда оқу несиелерін екінші деңгейлі банктер әр түрлі шарттармен 9%-дан бастап 17 жылға дейінгі мерзімге ұсынады.

Айта кету керек, несиелер кепіл талап етпейді, оң шешім қабылданған жағдайда Қаржы орталығы банкке кепілдік міндеттеме ұсынады, соның негізінде несиені жоғары оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны