18.07.2008, 19:48 2833

Қазақстанда былтыр шамамен 2 млрд теңгенің парасы берілген - газет

Қазақстанда былтыр шамамен 2 млрд теңгенің парасы берілген - газет

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда былтыр шамамен 2 млрд теңгенің парасы берілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Мегаполис" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстандықтардың жартысы өздеріне маңызды мәселелерді шұғыл және тиімді шешу тікелей параға байланысты деп есептейді. Парасыз ештеме шешілмейді деп деп тоғышарлардың жаппай көзқарасын туғызған шенеуніктер құлқыны тек 2007 жылдың өзінде қолға берілген ақшаның көлемін 2 млрд теңгеге жеткізді", - деп жазады газет Илеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының тұрмыстық сыбайлас жемқорлық нарығына жүргізген зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасай отырып.

Қауымдастық мәліметтеріне сүйенсек, ашкөз шенеуніктермен ең көп ұшырасатын Қызылорда облысының тұрғындары екен. Ондағы халықтың 86,1 пайызы өмірінде кем дегенде бір рет сыйлық жасап, алғыстарын материалдық тұрғыда білдірген. Басқаларына қарағанда "жақсы өмір" Қостанай облысында қалыптасқан. Ондағы халықтың "тек" 38 пайызы пара алумен ұшырасыпты.

Газеттің хабарлауынша, зерттеу нәтижелері тұрмыстық пара беру нарығындағы ең жоғарғы пара жөнінен тізгінді соттар ұстап отырғанын көрсеткен. Ондағы орташа пара көрсеткіші 369 мың теңге. Ең "қымбат" сот алқасы Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында тіркелген. "Ондағы соттар арасындағы орташа пара көлемі 600 мың теңгеден асады", - деп атап көрсеткен газет.

Екінші орында - тұрғын үйді алу және рәсімдеу органдары. Ондағы "алғыс" құны 334 мың теңге. Бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында екен. Ондағы үйді алып және рәсімдеп алу үшін берілетін параның шамалап алғандағы көлемі 1,5 млн теңгеден асып жығылады.

"Көшбасшылар үштігін полиция қызметкерлері аяқтап тұр. Олар проблеманы 234 мың теңгеге шешіп беруге дайын. Жер участогын алып, оны рәсімдей отырып, шенеуніктердің бөгеттеріне жолыққыңыз келмесе, орташа алғанда 227 мың теңгеге шығындаласыз. Ал егер сіз Батыс Қазақстан немесе Қарағанды облыстарында тұрсаңыз, ол сомадан 3 есе артық ақшаны дайындай бергеніңіз жөн", - деп хабарлайды газет.

"Құрметті бесінші орынды мемлекеттік қызметке отыру және ары қарай жоғарылау алып тұр. 166 мың теңгені берсеңіз болды - ұзаққа созылатын карьералық саты эскалаторға айналып шыға келеді. Бұл соманың өзі ауруханадағы орташа температура. Мемлекет қызметкерлерінің қатарына қосылу Оралда бәрінен қымбат екен. Онда лауазым алу үшін жарты миллион теңге беруіңіз қажет", - деп жазылған басылым беттерінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны