16.07.2009, 17:43 5100

Қазақстанда былтыр сот этикасы жөніндегі комиссияның шешімімен бес судья қызметтен босатылды

Қазақстанда былтыр сот этикасы жөніндегі комиссияның шешімімен бес судья қызметтен босатылды

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда былтыр сот этикасы жөніндегі комиссияның шешімімен бес судья қызметтен босатылды. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнама нормаларын сақтау шаралары бойынша өткен дөңгелек үстелде ҚР Жоғарғы сотының судьясы Иуезнұр Қаженов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Сот этикасы жөніндегі комиссияның іс-қызметінің нәтижесі бойынша 2008 жылы бес судья қызметтен босатылды. Азаматтардың шағымына сәйкес өткен жылы екі судьяға ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік шаралар қолданылды. 2008 жылы судьялардың этикадан тыс әрекетіне қатысты азаматтардан 270 арыз-шағым түсті", - деді И. Қаженов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны