25.07.2012, 14:51 3071

Қазақстанда бір бөлке нан 45 теңгеден қымбат болмайды

Күзгі егістік жұмыстарына 410 мың тонна отын бөлінгенмен, бұл жетпей қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Қостанай. 25-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда бір бөлке нан 45 теңгеден қымбат болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға қосымша арзандатылған дизельдік отын бөлу қажет.

Күзгі егістік жұмыстарына 410 мың тонна отын бөлінгенмен, бұл жетпей қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Үкіметтің резервінен 1,8 млн теңге бөлінетіні туралы шешім қабылданды. Бұл мынау қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан тауар өндірушілерге өзінің малға азығын жинау жұмыстарына көмек ретінде субсидия көлемін өзгертеміз", деп хабарлады Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Оның үстіне, келесі айдан бастап астық экспорттаушылар үшін тасымал шығындарын субсидиялау тоқтатылады. Өткен жылдың шілде айынан бастап есептегенде осы күнге дейін 12,1 млн тонна астық экспортқа шығарылды. 2012-2013-ші жылдары да экспорт көлемі 10 млн тоннадан кем түспейді деді министр. ГРАФИКА!!! Айта кетейік, биыл дүние жүзі бойынша 665 миллион тонна астық өндіріледі деген болжам бар. Бұл былтырғы маусыммен салыстырғанда 30 миллион тоннаға кем. Ал, елімізде биыл 12,8 млн тоннаға жуық астық жиналмақ. Түсім көлемі 2010-шы жылғымен шамалас дейді мамандар. ГРАФИКА!!! Биылғы қуаңшылықтан егістік алқаптың 94 мың гектары күйіп кетті. Дәнді дақылдар егілген 353 мың гектар жерді осы күні-ақ есептен шығара беруге болады.

Астық экспорттаушы алпауыт елдерде де жайлаған құрғақшылықтан әлемдік нарықтағы астық бағасы 35-89 долларға өсті. Қазақстанда жыл басынан бері баға 124-200 долларға көтерілді. Нан бағасының қымбаттап кетуіне жол бермес үшін, бірінші тамыздан бастап, диірмендерді тоннасы 28 мың теңге тұратын жалпы көлемі 1,3 миллион тонна астықпен қамтамасыз ету көзделуде. Бұл жағдайда наубайханаларға түсетін бір келі ұнның бағасы 45 теңге болады. Нәтижесінде бір бөлке нанның бағасы 43 теңгеден аспайды. Ал, нан бағасын негізсіз көтергені үшін Павлодардағы нан-тоқаш комбинаты қосымша табысының 10 пайызы көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Кәсіпорын бір бөлке нанның бағасын 41 теңгеден 47 теңгеге дейін көтерген.Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымовтың айтуынша, комбинат басшылығы мұны шикізат, жанар-жағар май бағасының қымбаттауымен түсіндірді. Бірақ тексеріс нәтижесінде, Павлодарда ұн бағасының өзгермегені, әрі электр қуаты мен жанар-жағар май шығыны нан бағасының 2,5 пайызынан аспайтыны анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны