11.06.2007, 13:00 3258

Қазақстанда бірыңғай ұлттық тестілеу басталды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда 10-маусымда бірыңғай ұлттық тестілеу басталды. Екі күнде емтиханға 60 мыңдай талапкер қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2007 жылы 11 маусымда Республика бойынша 62 тестілеу пунктерінде 30172 бітіруші емтиханға қатысты, оның ішінде 16355- қазақ тілінде, 13817 - орыс тілінде емтихан тапсыруда.

ҰБТ 2007 жылғы 10-15 маусым аралығында 51 жоғары оқу орындары мен 103 орта мектеп базаларында орналасқан 154 тестілеу пункттерінде өткізіледі. Мектеп бітірушілер ҰБТ төрт пәннен тапсырады; қазақ немесе орыс тілі (оқыту тіліне байланысты), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандығына байланысты таңдауы бойынша.

ҰБТ-ға қатысу үшін 144 117 мектеп бітіруші өтініш берді. Оның ішінде 83 884-і қазақ тілінде, 60 233-і орыс тілінде оқытатын мектептердің бітірушілері.

ҰБТ -ны ұйьмдастыруға республикалық бюджеттен - 521,5 млн. теңге каражат бөлінді, оның ішінде 108,2 миллионы - нысаналы трансферттер арқылы облыстық бюджеттерге мектеп бітірушілерді тест өткізу орындарына тасымалдау, орналастыру және тамақтандыруға арналды.

ҰБТны өткізудің белгіленген тәртібін және технологиясының сақталуын бақылау, тестілеу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҰБТ пункттеріне 647 министрлік өкілдері жіберілді.

ҚР ҰҚК құпиялауға жататын ведомстволық тізбесіне ҰБТ дұрыс жауаптар коды енді.

Алғаш рет ҰБТ тест тапсырмаларыньщ базасы барлық пәндер бойынша сараптамадан өткізілді (120 мыннан астам тапсырма). "Сараптама жүргізу барысында тест тапсырмаларының мазмұны оқу бағдарламаларына сәйкестігіне басты назар аударылды", деп хабарлайды мекеме.

Ирбір ҰБТ өткізу пункттерінде апелляциялык комнссиялар жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны