08.08.2013, 11:30 6345

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі "МЖЗҚ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетін қабылдасын", - делінген қаулыда.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметтің сәйкес қаулысы Қазақстан Республикасының "Иділет" норамтивтік-құқықтық актісінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі "МЖЗҚ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетін қабылдасын", - делінген қаулыда.

Бұдан өзге, құжатқа сәйкес, "МЖЗҚ" АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып аты өзгертілді.

Бұрынырақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов БЖЗҚ-ның меншік иесі ҚР Үкіметі болатынын мәлімдеген еді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш әсер етпейді: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады.

Сонымен қатар, вице-премьер өз мәлімдемесінде "міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша олардың біртұтастығы бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады. Азаматтардың зейнетақылық жинағын толық көлемде аудару жүзеге асырылатынын" атап өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 23 қаңтарында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында ЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарының бәрін Бірыңғай зейнетақы қорына беруді тапсырған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны