17.06.2016, 15:40 6944

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу аптасын енгізгендіктен 33 қосымша демалыс күнін алады

Келер жылы бірінші сынып оқушылары оқу аптасыныӊ қысқаруы есебінен 33 қосымша демалыс алады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ брифингінде

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Келер жылы бірінші сынып оқушылары оқу аптасыныӊ қысқаруы есебінен 33 қосымша демалыс алады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бес күндік апта бағдарламасы бойынша бірінші сынып оқушыларына сенбі, жексенбі күндерін ата-анамен байланысқа бөлдік. Есеп бойынша 33 қосымша демалыс күнін бөлдік", - деді Э.Суханбердиева, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол айтып өткендей, қосымша демалыс оқушылардыӊ денсаулығына оӊ әсер береді. Вице-министр барлық сыныптардыӊ бес күндік оқу аптасына көшуі 2019 жылға дейін жүзеге асырылатынын айтып өтті.

ҚР БҒМ-де нақтылағандай, 2016 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап жалпы білім беретін мектептердіӊ бірінші сыныптарында бес

күндік оқу аптасы енгізіледі. 2017 жылы бес күндік оқуға бесінші, екінші, жетінші және тоғызыншы сыныптар көшеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны