10.10.2012, 17:39 3130

Қазақстанда бірінші сұрыпты нан бағасы жаңа жылға дейін қымбаттамайды

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап ұн және әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін өңірлерге "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ ресурстарынан азық-түлік бидайы тоннасына 28 мың теңге бағасымен жеткізілуде, деп хабарлайды "Казахстанская Правда".

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда бірінші сұрыпты нан бағасы жаңа жылға дейін қымбаттамайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап ұн және әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін өңірлерге "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ ресурстарынан азық-түлік бидайы тоннасына 28 мың теңге бағасымен жеткізілуде, деп хабарлайды "Казахстанская Правда".

Жиналыста ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков хабарлағандай, ол басқарып отырған ведомстволар, облыс әкімшіліктері, "ҚазАгро" ұлттық холдингі мен қайта өңдеушілер одағы арасында меморандумдар бекітілді. Оларға сәйкес, Азық-түлік корпорациясы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленген бағамен жалпы көлемі 1,3 млн тонна азық-түлік бидайын бір жыл ішінде өткізуді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда облыстарға 217 мың тонна азық-түлік бидайы бөлінді. Осының арқасында нарықтағы бидай бағасының екі есе өскендігіне қарамастан, барлық аймақтарда ұн мен бірінші сортты нанның бағасы сол қалпында қалды. Мысалы, ұн бағасы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 44 теңге, Алматыда 61 теңге деңгейінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны