18.07.2008, 15:50 1209

Қазақстанда бруцеллез, қызамық пен ВИЧ-індетінің өсуі байқалады - Белоног (толық нұсқасы)

Қазақстанда бруцеллез, қызамық пен ВИЧ-індетінің өсуі байқалады - Белоног (толық нұсқасы)

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бруцеллез, қызамық пен ВИЧ-індетінің өсуі байқалады. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

"Бруцеллез, қызамық пен ВИЧ-індетінің өсуі байқалады ", - деп атап өткен А. Белоног сонымен бірге жалпы алғанда еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты.

"Біз бақылап отырған 61 жұқпалы індеттен 36-сы бойынша ауру мүлдем байқалмаса, 16-сы бойынша бірлі-жарым ғана оқиға шықты. Жұқпалы 8 ауру бойынша азаю ағымы байқалады", - деді ол.

Кейінгі жарты жылда қызамықпен ауыру 39%-ға, ротавирустық энтеритке шалдығу 48,5%-ға, ВИЧ/СПИД - 23,1%-ға өскен.

Сондай-ақ, ел бойынша алғанда орта есеппен туберкулезге шалдығу көрсеткіші 2,8%-ға азайған, алайда жұқпалы дертке қатысты ахуал әлі де күрделі күйінде - әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 66,8 науқастан келеді. Осы орайда туберкулез дертінің көбею оқиғасы Астанада 2,1 есе, Алматыда 4,8%, Ақмола облысында 6,3%-ға, Маңғыстау облысында 2,9%-ға тіркелді.

Сонымен бірге бас санитарлық дәрігер Алматыда аурулардың алдын алу мен қадағалаудың өңірлік Атланта (CDC) орталығы ашылғанын хабарлады. Ол эпидемилогиялық қадағалау және зертханалық диагностика мамандарын дайындаумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны